Жүйе туралы
Екінші деңгейлі банктердің шоттарында орналастырылған халықтың немесе заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен "электрондық үкімет" аясында көрсетілетін қызметтерге on-line режимде қолма-қол ақшасыз төлеу автоматтандырылған жүйесі. Қазіргі кезде, халық (жеке тұлғалар) "Электрондық үкімет" порталының қызметтерімен қатар, 120 тарта салық түрлерн on-line режимде төлеу үшін Төлем шлюзін пайдалана алады. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Салық төлеушінің кабинеті" (http://cabinet.salyk.kz) веб-қосымшасы порталының және "Қазкоммерцбанк" АҚ төлем жүйесінің қатысуымен іске асырылған. Салықты электрондық тәсілмен төлеу үшін, "Салық төлеушінің кабинетінің" тіркелген пайдаланушысы болу және қазақстандық кез келген банктің VISA/MASTER CARD төлем карточкасына ие болу қажет. Әдетте, мұндай карточкалармен адамдар супермаркеттерде төлейді, айлықтарын және зейнетақыларын алады. Бүгінгі таңда "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы бюджетке 800 мың теңгеден аса сомада төлем жасалды. Халық арасында банк карточкаларын иеленушілердің саны мен компьютерлік сауаттылықтың жыл сайын өсу қарқынын ескере отырып, электрондық тәсілмен бюджетке төленген төлемдердің үлесі едәуір артады деп күтіліп отыр. Төлем карталарымен қатар, ағымдағы банк шотын пайдаланып мемлекеттік қызметтер мен салықтарды төлеуді техникалық іске асыру орындалды және қазір енгізу кезеңінде. Алайда бұл мүмкіндік қазір тек "Ресей Жинақ Банкі" АҚ үшін ғана іске асырылған. Банктердің саны мен төлеу тәсілдерін арттыру жоспарланып отыр, бұл бағытта екінші деңгейлі банктермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Төлем шлюзін дамытудың қысқа мерзімді жоспарлары мыналарды қамтиды: - төленетін қызметтер спектрін кеңейту, бұл бағытта қазір Жол полициясының айыппұлдары мен жазаларын on-line өтеу сияқты сұранысқа ие қызметті іске асыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр; - Төлем шлюзінің мүмкіндіктеріне қол жеткізу нүктелерін кеңейту, бұл бағытта қызметтерді ақпараттық киоскілерде, қоғамдық қол жеткізу пункттерінде енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр."